2025 жылдың күзіне қандай лонгслив таңдаған дұрыс?

Күнделікті гардеробқа арналған базалық нұсқа

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 08 сентября 2025, 11:35
лонгслив
Instagram: @hannaschonberg

Салқын күндер басталғанда көпқабатты образдар бұрынғыдан да өзекті бола түседі. Мұндай сәнді әрі жылы аутфиттерді оңай құрастыру үшін бір-бірімен үйлесетін базалық киімдерді алу маңызды. Биылғы маусымдағы нағыз must-have — лонгслив. Ол жүздеген образдың негізіне айнала алады. Трендте түрлі үлгілері бар: поло жағалы, oversize, иығы түсірілген нұсқалар. Дегенмен, классикалық лонгслив әрқашан фаворит саналады. Мұндай модель жеке киім ретінде де, пальто немесе тренчпен де, жемпір немесе былғары бомбермен де мінсіз көрінеді.

2025 жылдың күзіне қандай лонгслив таңдаған дұрыс?
Instagram: @svedae

Ағымдағы маусымдағы өзекті үлгісі денеге жабысып тұратын, екінші тері іспетті көрінеді. Ол мүсінді айқындап, қозғалысқа кедергі келтірмейді. Жеңдері ұзын, білекке дейін толық жауып немесе аздап алақанға шығып тұруы қажет. Иық сызығы дене анатомиясына сай болуы керек, тым төмен түспегені жөн. Ең қолайлы нұсқа — дөңгелек ойықты жағасы. Лонгсливтің ұзындығы жамбас сүйегінің жоғарғы нүктесіне дейін жеткені ыңғайлы — сонда оны кез келген шалбар немесе белдемшемен киген жеңіл болады.

Матасын таңдауда жұмсақ трикотаж бен вискозаға басымдық берілгені дұрыс. Олар ауаны жақсы өткізеді. Сапалы лонгслив қалыңдау келеді, сондықтан денені көрсетіп тұрмауы тиіс. Ал мақтадан жасалған нұсқаны тек құрамында жеткілікті эластан болса ғана таңдаған жөн, сол кезде жақсы созылғыш келеді. Бірақ мұндай матаның трикотаж немесе вискозамен салыстырғанда төзімділігі азырақ.

2025 жылдың күзіне қандай лонгслив таңдаған дұрыс?
Instagram: @jastookes

Түстерге келсек, оңай үйлесетін базалық реңктер бірінші орында: ақ, крем, сүт түстес, графит және қара. Сонымен қатар, қою шоколад пен ашықтау мокка-мусс та тренд қатарында. Эксперименттен қорықпайтындарға дизайнерлер күлгін, бордо, хаки, жасыл, қою көк және индиго түстерін ұсынады.

Декорға қатысты жалғыз рұқсат етілетін элемент — нәзік драпировка. Жанындағы жеңіл жиырылу белді айқындай түседі. Барлық тігістер ұқыпты болуы керек, ал көзге бірден түсетін логотиптер мен қосымша жапсырма элементтер болмауы тиіс.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше