2025 шілдеде демалады

Pexels: Max Andrey

2025 жылғы шілде айында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Демалысты алдын ала жоспарлап, ештеңені жіберіп алмауға көмектесетін ыңғайлы күнтізбені сақтап ал.

Бұл айда ел тұрғындары үшін ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс болады. Аталған мейрам дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі және 1998 жылы елорданың Алматыдан Астанаға (қазіргі Астана) көшірілуіне арналған.

Жыл сайын бұл күнге орай елімізде ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Әсіресе, Астанада ерекше мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланып отыр. Елордада концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылады.

2025 жылы Астана күніне байланысты қазақстандықтар қалай демалады

2025 жылы 6 шілде жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге – 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 5–7 шілде аралығы – үш күн қатарынан демалыс болады.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – демалыс
  • 6 шілде (жексенбі) – демалыс
  • 7 шілде (дүйсенбі) – ауыстырылған демалыс

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні
  • 6 шілде (жексенбі) – демалыс
  • 7 шілде (дүйсенбі) – демалыс

2025 жылғы шілдеде қанша күн демаламыз

Бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер үшін шілдеде 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады. Алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Шілдедегі кәсіби мерекелер

Шілде айында ресми түрде демалыс болып саналмайтын кәсіби мерекелер де бар. Міне, солардың кейбірі:

  • 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;
  • 6 шілде (айдың бірінші жексенбісі) – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
  • 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 10 шілде – Ветеринар мамандарының күні;
  • 13 шілде – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;
  • 13 шілде (айдың екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 14 шілде – Нотариат күні;
  • 20 шілде (айдың үшінші жексенбісі) – Металлург күні;
  • 27 шілде (айдың төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлерінің күні.

Фото: Pexels

Дереккөз: Tengrinews.kz

Поделиться: