
Pexels: @Hai Thanh
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда жаңа туған ұлдар мен қыздарға қойылған ең танымал есімдер белгілі болды.
Бұл мәліметтер Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросынан алынды. Есепке 2025 жылдың 1 қаңтарынан 22 мамырға дейінгі аралықта тіркелген есімдер алынған.
Ұл балалар арасында ең танымал есім – Айсұлтан, ал қыз балалар арасында – Айлин болды.
Ең танымал 25 ұл бала есімі:
- Айсұлтан
- Мұхаммед
- Омар
- Әлихан
- Рамазан
- Алдияр
- Мухаммад
- Әмір
- Алан
- Хамза
- Әли
- Нұрислам
- Альтаир
- Айбар
- Ислам
- Алинұр
- Муслим
- Мансұр
- Дінмұхаммед
- Зейін
- Ибраһим
- Мирас
- Хақназар
- Арлан
- Арсен
Ең танымал 25 қыз бала есімі:
- Айлин
- Мадина
- Асылым
- Айша
- Мәриям
- Томирис
- Аяла
- Сафия
- Раяна
- Айым
- Амина
- Адия
- Хадиша
- Зере
- Хадия
- Ясина
- Айару
- Айкөркем
- Айзере
- Кәусар
- Аиша
- Ясмина
- Жасмин
- Фатима
- Айдай
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы Қазақстанда жаңа туған сәбилерге қойылған ең сирек есімдер де белгілі болған еді. Мәселен, өткен жылы ұл балаларға Акиль, Әлім Хан, Христос, Тынар, Темір-Сұлтан, Симеон, Сейфадин, Прохор, Марьян, Майяр, Илиан, Гурами, Гамлет, Варлам, Буслай, Божен, Артурий, Анувар және Қасымғали сынды ерекше есімдер қойылған.
Фото: Pexels
Дереккөз: Tengrinews