
Шілде айы барлық жұлдызнама белгілері үшін тамаша болғалы тұр. Бұл жұлдыз жорамал соны растайды.
2025 жылдың шілдесінде бірден үш ғаламшардың ретроградқа айналуы жазғы ертегіге толы маусымда күтпеген бұрылыстар мен тосын жайттарға алып келеді. 19 шілдеден бастап Арыстан белгісіндегі Меркурий қарым-қатынасымызға қиындық әкеледі.
Ал, Венера 5 шілдеден бастап Егіздер белгісіне өтеді де, романтика қосады. Жазғы махаббат хикаялары оқиғаларға толы болады және біз оларды толықтай сезінуге дайынбыз. Оның үстіне, 5 шілдеден бастап Нептун ретроградқа өтеді, ал 14 шілде оған Сатурн қосылады. Жаз бізді таң қалдырады!
Тоқты
Егіздердегі Шолпанның болуы жеке өміріңе жақсы әсерін тигізеді. Сен романтикалық қырыңды ашасың — егер қарым-қатынасың болмаса, бұл бірнеше кездесулер мен флиртке ұласуы мүмкін. Егер қарым-қатынасың болса, сүйіспеншілік пен әдемі сәттер көп болады. Шілдеде ғаламшарлар тосынсыйлар жасауға шақырады. Бірақ, өз мақсаттарыңды ұмыт қалдырмауға тырыс. Артқа жүрген Меркурий шатасулар тудыруы мүмкін. Шығындарыңды бақылауда ұстауың керек. Сол уақытта Сатурн мен Нептун да артқа жүреді. Бұл — арман мен шындықтың аражігін ажырата білуің керек деген белгі. Әйтпесе, ай соңында көңілің қалуы мүмкін.
Торпақ
Уран алшақтап барады. Өсіп-өркендеу мен тұрақтылыққа ұмтылу арасындағы күрес бәсеңдейді. Сен жетістіктеріңді нығайтып, ортақ жоба айналасында байланыстарыңды бекітесің. Белгісіздік кезеңі біраз уақытқа созылуы мүмкін, әсіресе артқа жүретін планеталар өзін-өзі сараптауға итермелейді. Бұл кезеңді өзіңді жаңадан қалыптастыруға мүмкіндік ретінде пайдалан. Әлі де көп нәрсе істеуге және құруға болады. Бикештегі Марс саған қажетті күш-қуат береді, ал Юпитер қаржылай жолыңды ашады. Жылжымайтын мүлікке (сату, сатып алу, көшу) байланысты істер сәтті болады. Жаңа тарау басталып жатыр — осы мүмкіндікті өзіңнің қалауыңды жүзеге асыруға жұмса.
Егіздер
Шілде — жаңа бастамаларға таптырмас ай. Сенің қызығушылығың артып, ашықтығың еселеп өседі. Бәрі сенің шытырман оқиғаға, жаңа жолдар іздеуіңе бағытталады. Махаббатта от қайта жанады. Басқалармен танысуға, кездесулерге шығуға тамаша уақыт. Егер қарым-қатынаста болсаң, жүрегіңе жақын істерге бірге атсалысып, ескі түсініктерден арылуға талпынасың. Қайта жанған құмарлықта шығындарыңа абай бол. Әйтпесе, жазғы демалыстан ләззат ала алмай қалуың мүмкін. 8 шілдеден бастап Уран өзгерістер әкеледі, сені бейімделуге мәжбүр етеді. Бұл — нағыз сынақ айы.
Шаян
Ай керемет сәттермен басталады. Марс пен Юпитердің одағы саған жарқырауға күш береді. Инстинктің мен түйсігің саған жол көрсетіп, шығармашылығыңды ашуға көмектеседі. Бұл батыл жобаларды бастап, дұрыс шешім қабылдауға себеп болады. Әр таң сайын ерекше бастамаларды қолға алғың келсе де, асығыстық танытпа. Сатурн саған сабырды үйреткісі келеді. Сабыр — болашағыңды сенімді етуге көмектеседі. Иә, бұл қаржылық жобаларға да қатысты. Осы айда сенімің артып, алға қадам басуға жол ашылады. Бірақ, абай бол.
Арыстан
Меркурий бір ай бойы қасыңда. Бұл — таныстықтарды кеңейтуге, идеяларыңды дамытуға таптырмас уақыт. Іскерлік пен махаббатта оң әсерін береді. Уран сүйісу, құшақтасу және күнделікті өміріңе ерекше нәрселер қосады. Айдың алғашқы жартысы қызықты өтеді: қаржылай табысың артады немесе бірінші кездесуде ғашық болуың мүмкін. Бірақ 19-ынан кейін Меркурий артқа жүре бастағанда, жоспарларың да баяулайды. Мұны үзіліс жасап, демалып, күш жинауға пайдаланып қал.
Бикеш
Мотивацияң қайта оянады. Ай басында сенің шығармашылық шабыт пен сенімділігің басқаларды да қанаттандырады. Юпитер саған жаңа көкжиектер ашады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жобаларыңа өз қолтаңбаңды қалдыр, келісімшарттарға қол қой немесе жаңа спорт түрлерін байқап көр. Қаржылық тұрғыда жолың болады. Ай соңында біраз шиеленіс болуы мүмкін, бірақ уайымдама. Махаббатта қалауың мен шынайы сезімді шатастырып алмауға тырыс, әйтпесе қызғаныш қарым-қатынасыңды бүлдіруі мүмкін.
Таразы
Маусымдағы шиеленістен соң демалып, рахаттанатын кез келді. Кештер, флирт, тыныштық алдыңда тұр. Уран қарым-қатынастағыларға жаңа нәрсе байқап көруге түрткі болады. Болашақты емес, осы сәтті ойла. Жаңа әсер алуға керемет уақыт. Айдың соңында артқа жүретін Меркурий қайтадан біраз күйзеліс тудыруы мүмкін. Біздің кеңес: өзгерістерді қабылдауға дайын бол. Бұдан да жақсы жақтарын көре аласың.
Сарышаян
Өзіңді қайта танып, жаңа жол іздейтін кез. Шілде мансабыңды алға жылжытады. Мүмкіндік немесе қызметте өсу күтпеген шешімдер қабылдауға жетелейді. Шешім қабылдамас бұрын бәрін таразыла. Бірақ, мүмкіндіктерге есігіңді жаппа. Жеке өміріңде де жаңа оқиға орын алуы мүмкін. Бұл ай — сенің жеке дамуыңдағы үлкен қадам.
Мерген
Сен бір орында тұра алмайсың. Планеталар қозғалыс пен өзгерістерге итермелейді. Ай басы саяхаттар, күтпеген демалыс немесе жаңа кәсіби мүмкіндіктер алып келеді. Сенде атқаратын рөл, жүзеге асыратын арман бар. Ай ортасынан кейін үш планета артқа жүргенде, кедергілер, түсінбеушіліктер, ұсақ жанжалдар тууы мүмкін. Бірақ үмітіңді үзбе. Жазда сенің біліктілігің бағаланады, қызықты ұсыныстар түсуі мүмкін. Бұл үзілісті өзіңе есеп беру, бәрін жаңадан бастау мүмкіндігі деп қарастыр.
Тауешкі
Бұл жазда Юпитердің әсерінен айналаң тарылып немесе тұншықтыратындай көрінуі мүмкін. Осы айда бәрі баяулап кеткендей, не істерің қалағаныңдай жүрмей жатқандай сезінесің. Бұл – шаршататын күйзеліс. Енді есеп беріп, бәрін қайта бастайтын уақыт келді. Үзіліс жасап, баяулап, тыныштық табуға тырыс. Ойыңды тазалап, жағдайды анық көруге және өзіңді қалпына келтіруге мүмкіндік жаса. Бұл – шын мәнінде не қалайтыныңды түсініп, соған назар аударудың да бір жолы. Біз білеміз, Тауешкі үшін бір нәрсені жіберу оңай емес. Дегенмен, дәл қазір соған таптырмас сәт: мереке жақындап қалды. Рахаттанып қал!
Суқұйғыш
Көңіл-күйің мерекелік. Планеталар өздерін достық белгілерге бағыттап, саған жаңарып, жаңаша өмір бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, қарым-қатынасыңды реттеп, барлық «жақсы» мен «жаман» жақтарын сарала. Егіздердегі Уранның арқасында қысым бәсеңдейді. Сен өзіңді жаңа мүмкіндіктерге ашып, шытырман оқиғалар мен жаңа таныстықтарды іздей бастайсың. Өзіңді жаңартатын, жаңа нәрселерді байқап көретін уақыт келді. Интуицияңа сен: ол сені дұрыс жолға салып, мүмкін тіпті табысқа жеткізеді. Уран сүйіктіңмен байланысыңды нығайтады, тек өзіңе лайықты үзіліс жасап, қарым-қатынасты қайта жандандыруға мүмкіндік бер.
Балықтар
Планеталар өзіңе сұрақ қоюға итермелейді. Жаңа жолдар іздеп, тепе-теңдікті табуға тырысасың. Жаз – шешуші маусым. Тағдырлы кездесулер күтпеген өзгерістер әкелуі мүмкін. Жүрегің қуанғанда ішкі дауысыңа құлақ ас. Шынайы қалауың не екенін анықта. Жаңа әдеттер қалыптастырып, күн тәртібіңді өзгертуге ыңғайлы уақыт. Жұмыста жаңа іспен айналысқың келуі мүмкін. Махаббатта Бикештегі Марс сенің сүйкімділігіңді арттырады. Бірақ, абай бол — қызықты қарым-қатынастар ұзаққа бармауы мүмкін.
Фото: Pexels
Дереккөз: ELLE