Біз әдемі күзгі образдарды жасауға көмектесетін трендтегі реңктерді талдаймыз.
Түс — сән әлеміндегі қуатты құрал. Ол көңіл-күйді жақсартады және актуалды сән үлгісін жасай алады. Біз осы күздің ең танымал реңктері туралы және олардың әрқайсысы сенің аутфитіңді қалай толықтыра алатындығы туралы сөйлесеміз!
Шарап түсі
Шарап түсі — құмарлық пен талғампаздықтың үйлесімі. Бұл бай, әрі әдемі күзгі киім үлгісі үшін өте қолайлы. Бұл терең түс, әсіресе, салқын мезгілде актуалды. Шарап түсті сырт киімдер, жемпірлер мен шарфтар күнделікті және кешкі киімді әдемі толықтырады және әсемдік береді.
Жасыл
Бұл түстің тренді Миландағы сән апталығында байқалды. Егер сен жарқын киім үлгісін жасағың келсе, піскен лайм түсін, сондай-ақ хаки немесе танымал brat green-ді таңда. Олар алтын және қоңыр реңктермен үйлесетін аутфит жасау үшін өте қолайлы. Жасыл пәлте, көйлектер немесе шалбарлар сенің киім үлгіңді қызықты етеді!
Сұр
Бұл түс жан-жақты және талғампаз, өйткені ол кез келген басқа реңктермен оңай үйлеседі. Бұл маусымда сұр жайлы жемпір, жүннен жасалған пәлте немесе көйлек шалбар болсын, сәнді күзгі көріністер үшін негіз болып қала береді. Бұл түс күзге сәйкес келетін жинақы және талғампаз аутфит құруға көмектеседі.
Ашық-қызғылт
Бұл түс жылы, жер реңктерінің қасында нәзік және өзгеше көрінеді. Киім үлгіңе романтика мен әйелдік әсемдік сыйлауға көмектеседі. Ашық-қызғылт жемпірлер, шарфтар немесе көйлектер сұр және қоңыр түстермен тамаша үйлеседі, бұл күзгі киімдерге жеңілдік пен сыйқырлық қосады.
Ашық көк
Нәзік аутфиттарды ұнататындар үшін тағы бір тамаша нұсқа. Бұл реңк сұр немесе күңгірт және қанық күзгі түстермен үйлескенде керемет көрінеді. Ашық көк шарфтар немесе пәлте сырт бейнеге тыныштық береді.
Фото: Spotlight