Көктем гардероб

Көктемге арналған сәнді базалық гардероб жинаймыз.

База – бұл бір-бірімен тамаша үйлесетін әмбебап заттар. Мұндай жиынтық әр қыздың гардеробының негізі болуы керек. Бұл көп уақытты үнемдейді және әрқашан стильді көрінуге көмектеседі.

Ақ немесе қара түсті oversize футболка

Oversize бейтарап түсті футболка – гардеробта таптырмас нәрсе. Ол барлық киіммен үйлеседі және әрқашан өзекті және сәнді көрінеді.

Кең бомбер

Наурыз айының соңында, сәуірде, тіпті мамырда жеткілікті салқын болады, сондықтан сыртқы киім де қажет. Әмбебап модель ретінде кең өлшемдегі бомберді алсаң болады. Мұндай күрте джинс шалбарларымын де, қысқа белдемшелермен де керемет көрінеді.

Кең джинс шалбары

Кең джинс шалбары кез-келген киіммен керемет үйлеседі. Олар пропорцияларды керемет түрде теңестіреді және кез-келген үстіңгі киіммен келеді.

Сәнді кроссовкалар

Сәнді және әмбебап аяқ киім сенің негізгі гардеробыңның басты ерекшелігі болады. Осы маусымда Gazelle, Samba ретро кроссовкаларына назар аудар немесе бейтарап реңктердегі модельдерді таңда. 

Көзілдірік

Сенің бейнелеріңе көңіл-күй сыйлайтын аксессуар. Есіңде болсын: осы көктемде Хейли Бибер мен Кайли Дженнер сияқты күннен қорғайтын көзілдіріктің көлемді және ретро үлгілері өзекті болады.

Қара немесе ақ багет сөмкесі

Багет – бұл көптеген сәнді киім үлгісін жасауға болатын негізгі сөмке. Модельдің әмбебаптығына түс те әсер етеді: ақ немесе қара аксессуар кез-келген гардеробқа өте ыңғайлы.

Тік қысқа белдемше

Биылғы көктемде қысқа белдемшелер де сәнде. Ұзындықтан басқа, сен фактурасымен тәжірибе жасай аласың. Мысалы, өңі кеткен тәрізді джинс материалын таңда. Бұл материал қазір танымалдылықтың шыңында және ол сөзсіз бәрімен үйлеседі.


Фото: FWRD, Net-a-Porter

Поделиться: