Балжан Бидаш

Instagram: @bidash_official

Отандық әнші Балжан Бидаш Ақтауға іссапармен барып, кішкентай қыздың тұсауын кесті.

Өнер иесі бұл ерекше сәт жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, оған бүлдіршіннің анасы алдын ала өтініш жасаған екен.

«Ақтауға қош келдіңіз! Сізге қызымның тұсауын кестіріп алайыншы. 13 жыл балалы бола алмай, Алла Тағаланың мейірімі түсіп, 13 жылдан кейін тапқан Бағым қызым»,

деген анасы әншіге.

Балжан Бидаш бұл тілекті қабыл алып, сәби үшін игі қадам жасаудан бас тартпады.

«13 жыл бойы жүрекпен күткен періште. Көзіндегі жасы да, күлкісі де – өмірдің шынайылығы. Әр басқан қадамы берекелі, бағы ашық болсын, балапан! Ақтаудағы мейірім мен махаббат үшін рақмет!»,

деді әнші.

Instagram/stories: @bidash_official


Фото: Instagram

Поделиться: