«Өзгелердің пікіріне тәуелдімін»: Фариза Ескермес жанкүйерлеріне ішкі сырын ақтарды

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @fariza_yeskermes

Отандық актриса Фариза Ескермес Instagram парақшасында оқырмандарына өзгелердің пікіріне тәуелді екенін мойындады.

Фаризаның айтуынша, өз-өзіне баға беру — ол үшін ең ауыр тақырыптардың бірі. Ол жеке басына қатысты мақтау естігісі келетінін, ал сын айтылғанда жүрегіне ауыр тиетінін жасырмады.

«Бәрі жақсы сияқты көрінеді, бірақ менің өзгелердің пікіріне қатты тәуелді екенімді енді ғана мойындап отырмын. Кейбір пікірлер маған шын мәнінде ауыр тиіп, содан кейін өзіммен қайта жұмыс істеуге кірісемін.

Өзінің әлсіз тұстарын, мінсіз емес денесін жасырмай, өмірін шынайы көрсететін адамдарға тәнтімін. Олар қорықпайды, ұялмайды...

Мен үнемі мақтау мен қолдау күтемін. Құдай сақтасын, біреу мені ұсқынсыз, әлсіз, жылап тұрған немесе жалқау күйімде көріп қала ма деп қорқамын»,

деп жазды актриса.

Фаризаның айтуынша, бар энергиясы «мінсіз болуға» кетеді. Ол өзіне тым қатал қарайтынын жасырмады.

«Өзімді кейде босқа өткен күн үшін аяусыз жазғырамын. Тіпті, кеше күйеуім мен достарыма да айттым: кейде бір шыны шарап ішкенім үшін, бір күн ештеңе істемегенім үшін, жалқаулығым үшін өзімді кінәлай беремін...

Мен — мақсатқа ұмтылатын, үздік болуға тырысатын адаммын. Бәрі мінсіз, сәтті болуы керек сияқты көрінеді. Соның салдарынан сыннан қорқу, еркіндіктің жоқтығы, мазасыздық туындайды. Шынымен, осының бәрі өзін-өзі бағалаудың төмендігінен бе? Білмеймін. Бірақ, осы сезімнен құтылғым келеді»,

деп ағынан жарылды Фариза.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше