Софья Самоделкина

Instagram: @sofyasamodelkina

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Бостондағы (АҚШ) әлем чемпионатының еркін бағдарламасына өтті.

Қазақстандық 18 жастағы мәнерлеп сырғанаушы әлем біріншілігінің қысқа бағдарламасында өнер көрсетті. Софья Самоделкина еш құламастан сырғанап шықты, 63,58 ұпай жинап, 13-ші орынға ие болды, бұл оған жарыстың келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік берді. 33 қатысушының тек 24-і еркін бағдарламаны көрсету құқығын алады.

Қысқа бағдарламаның көшбасшысы 74,58 ұпаймен американдық Алиса Лю болды.

Айта кетейік, Қазақстан әлем чемпионаттарында 2019 жылдан бері әйелдер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанау жарыстарына қатыспаған болатын, сол кезде Элизабет Турсынбаева тарихи күміс жүлдені жеңіп алған еді.

Софья Самоделкина – жасөспірімдер арасындағы Ресей Кубогының финалын (2020) және Денис Тен мемориалын (2021) жеңіп алды, Словенияда өткен жастар арасындағы әлемдік Гран-при жарысында күміс медаль және 2025 жылғы Универсиадада қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл Софьяның әлем чемпионатына алғаш рет қатысуы.

2023 жылы мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан азаматтығын алу туралы шешім қабылдады, өйткені оның анасы Қазақстанда дүниеге келген. Шілде айында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатында Самоделкина алғаш рет ел чемпионы атанды.


Фото: Instagram

Дереккөз: Tengri Sport

Поделиться: