Қазақстандықтар ChatGPT-ге сырларын айтады: мамандар мен психологтар қауіп жайлы ескертті

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Unsplush: appshunter.io

Киберқауіпсіздік сарапшылары мен психологтар қазақстандықтардың ChatGPT-ге жеке мәліметтері мен сезімдері туралы жиі бөлісіп жүргенін айтып, бұл үрдістің қауіпті тұстарын атап өтті.

31 арна дерегінше, ChatGPT көптеген қазақстандықтардың өміріне етене енді — адамдар нейрожеліге өз уайымын, сезімін сеніп айта бастады. Психологтар мұны дұрыс емес деп санайды.

«Психологтардың адаммен жұмыс істеудің кемінде 12 түрлі тәсілі бар. Ал жасанды интеллект алгоритмі иілгіш, жұмсақ, бәрімен келісуге дайын болуы тиіс»,

дейді Қазақстанның тәжірибелі психологтар қауымдастығының мүшесі Владимир Алексанин.

Сарапшылардың айтуынша, дәл осы «икемділік» жасанды интеллекттің әлсіз тұсына айналады. Қазіргі таңда ол психологтың орнын баса алмаса да, әңгімелесуші рөлін атқаруға толық қабілетті.

«Адамдардың тірі сөйлесу дағдысы нашарлап бара жатқанын байқадым. Бара-бара біз ауызекі сөйлесу мәдениетін жоғалтып, қарым-қатынасқа деген ынтамыз төмендейді. Бұл неге жаман? Себебі барлығы өте оңай болып кетеді. Дамудың, жетілудің қажеті жоқ»,

дейді психолог.

Жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласының мамандарының пікірінше, «цифрлық доспен» жиі сөйлесу тәуелділікке әкелуі мүмкін. Уақыт өте келе адам өз мәселесін шешуге талпынбай, тек цифрлық ақылға жүгінеді.

«Жасанды интеллекттің эмоционалды интеллекті жоқ. Ол сіздің сезіміңізді түсіне алмайды. Оның жұмысы алгоритмге, адам тәжірибесіне сүйенеді. Бірақ, өз сезімі болмайды, тек өзіне енгізілген біреудің тәжірибесі мен эмоциясына сүйенеді»,

дейді киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолин.

Психологтар 18 жасқа дейінгі балаларға ЖИ қолдануға тыйым салуды ұсынады. Өйткені бұл балалардың рационалды ойлау қабілетін әлсіретіп, нейрондық байланыстардың дамуын тежейді, тіпті онымен жиі сөйлесу асоциалды мінез-құлыққа әкелуі мүмкін.

Жүйе сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, түрлі тілде мәтін құрай алады және басқа да функцияларға ие. Генеративті жасанды интеллектке негізделген бұл чат-ботты OpenAI компаниясы әзірлеген.


Фото: Unsplush

Дереккөз: 31 арна

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше