
Pexels: Emma Bauso
Ұлттық статистика бюросы соңғы бес жылда Қазақстанда некеге тұруға ниет білдірушілердің саны айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді. Психолог себептерін атады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылы 123 мың жұп жаңа отбасын құрды, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 11%-ға аз.
Өзгерістер жас жұбайлардың жасында да байқалады. 10 жыл бұрын қалыңдықтар орта есеппен 24 жарым жаста, ал күйеу жігіттер 27 жаста отау құрған. Енді қыздар тұрмысқа сәл кешірек шыға бастады – 25 жаста, ал жігіттер орта есеппен 28 жаста шаңырақ көтеріп жатыр.
Психологтар мұның себебі қарым-қатынастан қорқу және мансапқа басымдық беру деп санайды.
«Егер біз қазіргі уақытты алсақ, онда неке саны өте азайды. Адамдар қандай да бір маңызды қарым-қатынасқа түсуден, әсіресе некеден қорқады.
Жастар некенің өзінен емес, салдарынан қорқады, яғни олар күйіп қалудан, осы қарым-қатынаста жүректері жараланып қалады деп сескенеді. Сондықтан, олар, әдетте, отбасын құруға онша ұмтылмайды және осы сәтті мейлінше созады»,
деп бөлісті отбасылық психолог Саида Нәлібаева.
Фото: Pexels
Дереккөз: KTK