Pexels: cottonbro studio
16 қыркүйектен бастап Қазақстанда неке бұзу тәртібі өзгереді. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске түзетулер енгізілді.
Бұл өзгерістер «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында жасалды.
Атап айтқанда, Кодекстің 17-бабының 2-тармағына жаңа тармақ қосылды:
«Егер ерлі-зайыптылардың бірі сот санкциялаған, қылмыстық қудалау органының халықаралық іздеу жариялау туралы қаулысы шыққан күннен бастап үш жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болса, неке бұзылады»,
делінген құжатта.
Дәл осындай толықтырулар некені сот тәртібімен бұзу рәсімін реттейтін 238 және 241-баптарға да енгізілді.
Бұл дегеніміз, егер жұбайы ұзақ уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде жүрген болса, екінші тарап сотқа жүгініп, оның қатысуынсыз-ақ некені бұза алады.
Фото: Pexels
Дереккөз: Tengrinews