Қазақстанда ажырасу

Pexels: Timur Weber

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің бірі айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне тиісті түзетулер енгізуді ұсынды.

Салық кодексінің жаңа нұсқасында некені бұзуға арналған мемлекеттік бажды 0,5 АЕК-тен (2025 жылы — 1 966 теңге) 5 АЕК-ке дейін (19 660 теңге) дейін ұлғайту ұсынылады.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, бұл бастама неке бұзуға қатысты шешімді терең әрі саналы түрде қабылдауға көмектесуі тиіс.

«Мемлекеттік бажды арттыру – ажырасу туралы шешімді эмоцияның жетегінде емес, байыппен қабылдауға итермелейді. Бұл, әсіресе, жастар арасында негізсіз ажырасулардың азаюына сеп болуы мүмкін»,

деді Бейсенғалиев.

Мәжіліс депутаты мұндай қадам бюджетті толықтыруға емес, неке мен отбасы мәселелеріне неғұрлым жауапты көзқарас қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.


Фото: Pexels

Дереккөз: Tengri News

Поделиться: