
Фотограф: Timur Uteshbekov
Британдық БАҚ өкілдерін американдық теннисші және блогер Рейчел Штульман сұлулығымен таң қалдырды.
33 жастағы АҚШ спортшысы Рейчел Штульман бірнеше жылдан бері кәсіби спортпен айналыспайтынына қарамастан, бейресми «әлемдегі ең әдемі теннисші» атағына ие.
«Рейчел Штульман Miami Open турнирінде ашық көйлек киіп, жанкүйерлердің назарын аударды. Ол әлемдегі ең сексуалды теннисші деп саналады және турнирде өзінің тартымдылығын көрсетті»,
деп хабарлайды The Sun.
Штульман жасөспірім кезінде тенниспен кәсіби түрде айналысқан және 2010 жылдан 2014 жылға дейін NCAA студенттер лигасында Миссури университетінің командасында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да сыртқы келбетінің арқасында БАҚ пен жанкүйерлердің назарын жиі аударады.
Екі жыл бұрын қытайлық жанкүйерлер қазақстандық теннисшіні «супермодель» деп атады, ал Мексикадағы WTA қорытынды турниріне қатыспас бұрын Елена туралы ол әлемдік турдағы ең әдемі теннисші екенін жазды.
Фото: Instagram
Дереккөз: Tengri Sport