
Instagram: @shakentii
Журналист Ілияс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің мән-жайын айтты.
Журналистің айтуынша, Шәріп Серік зорлық-зомбылық үшін емес, жанжал кезінде балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған.
«Үкімнің мән-жайымен таныстым. Былай жазылған: «С бірге тұрып жатқан Б-мен жанжал кезінде балағат сөздер айтқан. Оған әкімшілік баптың бірінші бөлігі «Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі теріс әрекеттер» бойынша айып тағылған. Бұл шапалаққа немесе жұлқылауға қатысты емес, тек кемсіту, төмендету және мүлікті бүлдіру туралы. Ол бойынша ең жоғарғы жаза 5 тәулік»,
деп жазды ол.
Журналист мұндай жеңіл үкімнің шығуы жәбірленуші Әлия Бутееваның арыз жазбауымен байланысты болуы мүмкін дейді.
«Алматы полиция департаменті маған осылай хабарлады, бүгін таңертең сұрап білдім. Негізінде Шакенти 5 емес, «Ұрып-соғу» бабымен 50 және одан да көп тәулікке қамалуы мүмкін еді»,
деді Ілияс Қанбай.
Фото: Instagram