Танымал Backstreet Boys тобы Қазақстанда концерт өткізетінін ресми түрде жариялады

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @backstreetboys

2000-жылдардың басында үлкен танымалдыққа ие болған америкалық бойз-бенд Backstreet Boys гастрольдік кестесіне Алматы мен Астана қалаларын ресми түрде енгізді.

Концерттер биылғы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр.

Топтың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Алматыдағы концерт 19 қыркүйекте, ал Астанадағы кеш 21 қыркүйекте өтеді.

Алматыдағы концерттің өтетін орны ретінде қаланың Орталық стадионы көрсетілген. Алайда, әзірге билеттер сатылымға шықпаған. Дегенмен Алматыға дейінгі және кейінгі қалаларға жоспарланған концерттерге билеттерді сатып алуға болады.

Алдағы концерттерге қатысты басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

IMDb мәліметі бойынша, Backstreet Boys — Эй Джей Маклин, Хоуи Дороу, Ник Картер, Кевин Скотт Ричардсон және Брайан Литтрелл сынды бес музыканттан құралған америкалық бойз-бенд. Олар 1990-жылдары танымал болып, 2000-жылдардың басында нағыз шарықтау шегіне жеткен. Топқа биыл 30 жылдан асты.

Backstreet Boys әлем бойынша 130 миллионнан астам музыкалық жазбаларын сатып, тарихтағы ең көп сатылым жасаған ерлер тобы атанған.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше