Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалында күтпеген жеңіліске ұшырады

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Instagram: @lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреалда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің жартылай финалында канадалық теннисші Виктория Мбокодан сенсациялық түрде жеңіліп қалды.

Жартылай финалдық матч 7 тамызға қараған түні өтті. Рыбакина жергілікті спортшы, әлем рейтингінде 85-орында тұрған Виктория Мбокомен кездесті.

Тартысты ойын 2 сағат 48 минутқа созылды. Қарсыластар үш сет ойнады. Бірінші сетті Елена 6:1 есебімен сенімді жеңгенімен, келесі екі сетті 5:7 және 6:7 есебімен ұтылып, финалға өте алмады.

Кездесу барысында Рыбакина 5 эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және 7 брейк-пойнтты сәтті қайтарып шықты. Ал Мбоко бір ғана эйс орындап, 11 қос қателік жібергенімен, 6 брейк-пойнтты аман алып қалды.

Осылайша, Виктория Мбоко турнирдің финалына өтіп, жапониялық Наоми Осакимен (WTA №49) кездесетін болды. Еске салсақ, Осака жартылай финалда әлемнің 19-ракеткасы, даниялық Клара Таусонды 6:2, 7:6 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, WTA 1000 санатындағы Монреал турнирі әйелдер теннисіндегі ең беделді жарыстардың бірі саналады. 2025 жылғы турнирдің жүлде қоры 5,15 миллион АҚШ долларын құрап, бәсекенің мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.


Фото: Instagram

Дереккөз: TengriSport

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше