Instagram: @raimusican
Қазақстандық музыкант RaiM, сүйікті жары Ерке Есмахан мен жаңа туған ұлын перзентханадан шығарып алды.
Перзентханадан шыққан сәттің естелік фотоларын RaiM әлеуметтік желіде жариялады. Суреттерде отбасының отағасы кішкентай Батырды қолына ұстап тұр, жанында Ерке жарының иығына сүйеніп, нәрестеге мейірлене қарады. Олардың қасында Райымбектің ата-анасы және үлкен ұлы Муслим бар.
Отбасы мүшелерінің бәрінің жүзінен қуаныш пен бақыт сезіледі.
«Отбасым – менің байлығым»,
деп жазды жас әке.
Әлеуметтік желі қолданушылары RaiM-ға жылы лебіздерін білдіріп, қуанышымен құттықтады.
«Құдай тіл-көзден сақтасын», «Муслимді өз баласындай жақсы көреді», «Қызды да сүйіншілейтін күн болсын», – деп жазды желідегілер.
Фото: Instagram