Ораза кезіндегі бьюти-күтім

Pexels: Andrea Piacquadio

Рамазан айында әйелдердің өзіне деген күтімі мен бьюти әдеттері өзгере ме? Бұл сұрақты зерттеген «Золотое Яблоко» сарапшылары 20-54 жас аралығындағы 1000-ға жуық мұсылман әйелден сауалнама алып, қызықты қорытындыға келді.

Зерттеудің қорытындысына сүйенсек, әйелдердің 86%-ы Ораза кезінде де өздерінің бьюти әдеттерінен бас тартпаған, ал 10%-ы күтімді керісінше күшейткен. Бұл көрсеткіштер әйелдердің сыртқы келбетіне және өзін-өзі күтуге деген қызығушылықтың айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді.

Бірақ, Рамазан айында әр үшінші қыз макияждан бас тартқан және әрбір оныншы қыз құрамында спирт бар парфюмдерді қолданбаған.

Оразадағы макияж: сыртқы келбеттен ішкі дүние маңызды

Pexels: cottonbro studio

Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 36%-ы Рамазан айында макияждан толықтай бас тартқанын атап өтті. Тағы 8%-ы күн тәртібін өзгертетінін, ауыз бекіткеннен кейін немесе кешкі уақытта боянатынын айтты. Алайда, жартысынан көбі (56%) сәндік косметиканы қолдануға өзгеріс енгізбеген. Ораза кезінде макияждан бас тарту көбіне ішкі дүние мен рухани тазалыққа көңіл бөлуді көрсетеді.

Әдетте, Ораза кезінде косметикаға ерекше көңіл бөлінбейді: респонденттердің 54%-ы сыртқы келбетті өзгертуге уақыт бөлуге ынталанбайтынын білдірді, 18%-ы тек қонақ шақырғанда ғана косметиканы қолданады. Небәрі 8%-ы толыққанды мерекелік көрініс жасау үшін косметика қолданады.

Әдеттегі бьюти рәсімдерден бас тарту

Pexels: Andrea Piacquadio

Қазақстандағы әйелдердің 70%-ы Ораза кезінде өздерінің күнделікті күтім тәртібін өзгерткен жоқ. Бірақ, 34%-ы белгілі бір бьюти құралдарынан бас тартты, әсіресе пилинг (20%) және скрабтан (14%). Маска мен кремдерге де уақытша тыйым салынған: екі санаттағы респонденттердің 10%-ы оларды қолданудан бас тартқан. Бұл Ораза айында сыртқы күтімге деген қажеттілік өзгере бастағанын білдіреді, алайда барлық әйелдер бірдей өзін күтуге қатысты қатаң шектеулерді ұстанбаған.

Ылғалдандыру құпиясы: аз су – көп крем

Pexels: Ron Lach

Ораза кезінде тері ерекше күтімді қажет ететінін білеміз. Сараптамаға қатысқан әйелдердің 66%-ы ылғалдың жетіспеушілігін толтыру үшін ылғалдандыратын кремдер қолданатынын айтты. Сонымен қатар, 26%-ы маска, 20%-ы тонер, 18%-ы сарысу пайдаланады. Ауа ылғалдандыратын құралдар респонденттердің 22% ең тиімді құралына айналған. Бұл көрсеткіш Ораза кезінде теріні ылғалмен қамтамасыз ету маңызды екендігін көрсетеді.

Парфюмерия қолдану

Парфюмерияға қатысты әйелдердің үштен бірі (34%) бұрынғыдай хош иістерді қолдануды жалғастыратынын айтты. 32%-ы бейтарап хош иістерді таңдаса, 26%-ы әтір қолданудан толығымен бас тартқан. Ал 8%-ы құрамында спирт бар парфюмдерді қолдануды таңдаған.


Фото: Pexels

Поделиться: