Instagram: @shakentii
Экс-сүйіктісіне қол көтерген Шәріп Серікке анасы қолдау білдірді.
Шәріп Серіктің анасы адвокат Гүлнар Мұратқызы жеке парақшасында ұлының кінәсіз екенін жазды. Оның айтуынша, Әлия Бутаева ұлын арандатпақ болған.
«Ол өзінің арам пиғылын алдын-ала жоспарлады. Менің ұлым онымен ара-қатынасын әлдеқашан үзсе де ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Менің ұйықтап жатқан ұлымның пәтеріне қандай мақсатпен және қалай кірді. Сол күнгі бейнежазбаны да тұрғын үй кешенінен алған. Негізінен ол үйде тұрмайды. Заңсыз қолына түсірген»,
дейді Шәріп Серіктің анасы
Актердің анасының сөзіне сенсек, желіге жүктелген оқиға екі ай бұрын болған.
«Бетіне шапалақ тисе неліктен сол 8 ақпан күні полиция шақырмады? Экпертиза жасатпады, арызданбады?! Неге 2 ай өткеннен кейін полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөліміне қасындағылар «осылай айт» деп балама видео жазуға мәжбүрледі?»,
дейді анасы.
Сондай-ақ, Шәріптің анасы арудың екі жыл бойы ұлының табысын пайдаланғанын және танымалдылыққа қол жеткізгісі келгенін айтты.
«Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып әдемі киім киіп жүр?! Ол танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа «жалған айтып» жала жауып ұлымды қаралады. Бәрі де ұмытылады. Бірақ бір Алла ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды»,
дейді Гүлнар Мұратқызы.
Фото: Instagram