Шәріп Серікті

Instagram: @shakentii

Қазақстандық Salem Entertainment компаниясы бұрынғы қызы қол көтерді деп айыптағаннан кейін актер Шәріп Серікпен ынтымақтастықты тоқтатты.

«Соңғы оқиғаларға байланысты, Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.

Бұған дейін жарияланған «Шакал» сериалы мен «Qarga» сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер «Meow» сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алынып тасталды»,

делінген Instagram-дағы мәлімдемеде.

Сондай-ақ, олар «Патруль: последний приказ» фильмінің ұжымы прокатқа дейін Шәріп Серіктің қатысуымен түсірілген барлық сахналарды алып тастау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандары жайлы айтты.

«Актермен барлық келісім-шарттар тоқтатылды»,

деп қосты компания.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде қазақстандық актер Шәріптің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева актердің артынан жүгіріп шығып соққыға алған видеосын жариялаған болатын. Онымен қоса, ару бетіндегі қызарған іздерді де көрсетті.

Қыз ұзақ ойлана келе, үнсіз қала алмайтынын түсінді.

«Тіпті, түсімде де өзімді сүйікті адамым қол көтерді деп айтатын адам ретінде көрген емеспін. Бірақ, сол нәрсе болды. Аттап өтуге болмайтын шекаралар бар деп ойлаймын»,

деп жазды ол.

Алматы Полиция департаменті аталған іске байланысты тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.


Фото: Instagram

Поделиться: