
Instagram: @kyliejenner
Кайли Дженнер тік шашты жайған әлі де өзекті екенін дәлелдейді.
Шашты сәндеу туралы сөз болғанда оларды жайып жүру сәнді емес секілді болып көрінеді. Көбі одан да әдемірек еткісі келеді – көлем беру, кем дегенде ұштарын бұйралау, жинау.
Кайли Дженнер қарапайым шаш үлгісін қалай сәндейтінін қара және ол өзіне өте жарасымды.


Instagram: @kyliejenner
Біріншіден, Кайли жай ғана басын жуып, далаға шыға салған жоқ. Ол шашын сәндеді. Түбі жақтарына жеңіл көлем, ұқыпты жылтыр ұзындық, брашинг қолданған, табиғи шаш ұштары – мұның бәрі шашты қызықты етеді.
Екіншіден, егер сен қарапайым шашты қарапайым киім үлгісімен толықтырсаң, онда мұндай комбинация сәтті көрінеді.
Үшіншіден, жеңіл бет бояуы да көрік беретіні анық. Кайли қоңыр нюдты таңдады, ал сен оны қайталай аласың немесе басқа реңктермен тәжірибе жасасаң болады.
Фото: Instagram
Дереккөз: TheGirl