Instagram: @kyliejenner
Қарапайым, бірақ жарқыраған бет бояуын қайталап көр!
Нюд макияж әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, Хейли Бибер консилер мен бет қызартатын өнімдермен жасалатын минималистік бояуды ұнатса, Кайли Дженнер мүлде басқа тәсілді ұстанады.
Ол бетке түрлі бояулар жаққаннан қорықпайды, бірден бірнеше өнімдерді қолданады және түрлі техникаларды сәтті үйлестіре біледі. Қазір әлемдік жұлдыз көз тартарлық образын қалай жасайтынын бірге көрейік.





Instagram: @kyliejenner
Кайли алдымен теріге арналған тональды крем мен консилер жағады, содан кейін жеңіл контуринг жасайды. Бұл тәсіл ерінге де қатысты: ол еріннің пішінін қарындашпен айқындап, көлеңке түсіру арқылы визуалды түрде көлем қосады. Одан кейін румяна жағып, оны мұрнына да аздап тигізеді — бұл бетке күнге күйген әсер береді. Көпшілігіміз демалыстан кейін сондай тері түсіне ұмтыламыз.
Кейін Кайли құрғақ өнімдерге көшіп, жеңіл бейкинг жасайды. Ол бронзерді де ұмытпайды — бұл оның әпкелерінің бәрі сүйіп қолданатын өнім. Көз сызығын жеңіл бояулармен салып, бет бояуын табиғи етіп көрсетеді. Соңында кірпігін бояп, қасқа арналған гель және далаппен образды толықтырады.
Мұндай макияж кешкі кездесуге немесе құрбылармен бас қосуға таптырмас нұсқа, міндетті түрде байқап көр!
Фото: Instagram