Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Unsplash: Evgeny Opanasenko

13 тамыздан бастап Starlink компаниясының спутниктік интернеті Қазақстанда ресми түрде жұмыс істей бастады.

Бұл ақпаратты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады.

«2025 жылдың 13 тамызынан бастап Starlink компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік интернет қызметтерін ресми түрде ұсына бастайды. Осы арқылы еліміздің тұрғындары Starlink компаниясына тиесілі төмен орбиталық спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қол жеткізе алады»,

деп хабарлады министрлік.

Ведомство 12 маусымда министрлік пен Starlink арасында қызмет көрсету кезінде Қазақстан заңнамасын сақтауды міндеттейтін келісімге қол қойылғанын еске салды.

Айта кетейік, Starlink технологиясы ең шалғай және қолжетімділігі қиын аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.


Фото: Unsplash

Дереккөз: Tengrinews

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше