
Instagram: @djurinskaya
Қазақстандық актриса Жәния Джуринская әлеуметтік желідегі жанкүйерлеріне пластикалық хирургтардың көмегіне жүгінгенін айтты.
Екі баланың анасы Instagram-да бәрін ашық жазды.
«Иә, мен маммопластика және бөксе липофилингін жасадым және ішімді қатайттым»,
деді ол.
Актриса ота алдында және одан кейін түсірілген бейнежазбаларды көрсетті.
Ол тағы бір ай бойы арнайы іш киіммен жүру керек екенін айтты, алайда нәтижесі қазірдің өзінде көңілінен шығыпты.
Әлеуметтік желі қолданушылары тез қалпына келуді тіледі, ал кейбіреулер бұл күлкі күніне арналған әзіл деп ойлады.
«Осыған дейін де дене пішініңіз әдемі болды ғой», «Неге бұл туралы 1 сәуір күні айттыңыз?», «Әйелдер неге кеудесін жасатып алып, өмірлері бірден күшті болып кетеді деп ойлайды», «Күлкі күні құтты болсын! Жақсы сендірдіңіз!», «Бірден үш ота…», «Алла сені онсыз да әдемі етіп жаратты», – деп жазды желідегілер.
Стористе Жәния өзінің оқырмандарына бірде-бір пластикалық ота ішкі күйдің мәселелерін шешпейтінін ескертті.
«Сіз барлық жеріңізді өзгертіп тастасаңыз да, іштей қанағаттанбауыңыз мүмкін екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан, ең алдымен, менталды денсаулық, содан кейін – эстетикаға бару»,
деді ол.

Instagram/stories: @djurinskaya
Фото: Instagram