Instagram: @ayreeofficial/ @___qassym___
Бірнеше ай бұрын некесін қиған AYREE Instagram-ға жары Нүркен Қасымовпен жылы бейнежазба жүктеді.
Желтоқсан айының басында әнші күтпеген жерден жақсы жаңалықпен бөлісті. AYREE-ге сүйіктісі өмірлік жары болуға ұсыныс жасады. Біраз уақыттан кейін жастар ақ некелерін қиды.
Әнші жұбайымен бірге фото және видео көрсетті. AYREE және Нүркен қалаға серуенге шығып, суретке түсті. Кадрларда жастар қол ұстасып, өз бақыттарын жасырмады. Жанкүйерлер олардың керемет жұп екенін айтты.
«Өте үйлесімді жұп», «Бақытты бол!», «Корей актерлері сияқты», «Ең әдемі жұп», «Алтын қыз, бақытты бол!, – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Фото: Instagram