Instagram: @erke_esmahan
Ерке Есмахан үшінші ұлын дүниеге алып келді. Қуанышты жаңалықпен оның жары RaiM әлеуметтік желіде бөлісті. Ол жаңадан туған сәбиімен түскен суретті жариялады.
Фотода Райымбек сәбиін құшағына алып, оның кішкентай қолдарын сүйіп тұр.
«Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр»,
деп жазды жас әке.
Желі қолданушылары, оның ішінде отандық шоу-бизнес өкілдері Ерке мен Райымбекті құттықтады.
«Құтты болсын! Үлкен азамат болсын», «Ерке тек батырларды дүниеге әкеледі», «Қош келдің, кішкентай батыр. Біз сені ұзақ күттік», «Қымбаттыларым, шын жүректен құттықтаймын», «Неткен керемет жаңалық, қош келдің, кішкентай адам», «Өзі Райымбек болған соң, ұлын Батыр деп атаған екен», «Ұзақ ғұмырлы болсын», – деп жарыса жазды желідегілер.
Фото: Instagram