«Дәстүр» фильмінің жұлдызы Ермек Шынболатов әке атанбақ

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @alengulbala/@ermek_shinbolatovv

«Дәстүр» фильмінің жұлдызы, қазақстандық актер Ермек Шынболатов, жақында тұңғыш рет әке атанбақ.

Бұл туралы актер және оның жұбайы әлеуметтік желіде хабарлады. Олар табиғатта фототүсірілім ұйымдастырды.

«Біз сені күтеміз»,

деп жазды ерлі-зайыптылар.

Фототүсірілім табиғат аясында өтті, жас жұбайлар ковбой стилінде киінді. Екеуінде де қалпақ, ал жары былғары күртешеде болды.

Ермек Шынболатовтың әріптестері мен оқырмандары жұпты құттықтады.

«Құттықтаймын, күтпеген жаңалық», «Бақытты болыңдар!», «Атын мен қойсам бола ма?», «Жандарым, отбасыларың көбейе берсін, өсіп-өне беріңдер!», «Әдемі жұп», – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше