Instagram: @jlo
Әлемдік деңгейдегі атақты әнші Дженнифер Лопестің Астанаға ұшып келгені белгілі болды.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін әншіні тасымалдаған ұшақты қабылдаған.
«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопесті тасымалдаған ұшақты қарсы алды. Әнші жоспарланған концертті өткізу мақсатында елордаға ұшып келді. Сәтті өнер көрсетіп, Астанадағы уақытын жайлы өткізуін тілейміз!»,
деп жазылған ресми хабарламада.
Айта кетейік, америкалық жұлдыздың концертіне билеттердің бағасы 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін бағаланған. Орташа билет құны шамамен 80 мың теңгені құрайды, ал ең қымбат билеттер 150 мың теңге тұрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билеттерді сату барысында Ticketon.kz платформасында техникалық ақау туындаған болатын. Сервистің негізін қалаушы Алексей Ли Threads парақшасында бұл жағдайдың себебін түсіндіріп, жанкүйерлерден кешірім сұрап, келтірілген қолайсыздықтың орнын толтыруға уәде берген еді.
Алайда, Instagram желісінде алыпсатарлар тарапынан жарнама таралып кеткен. Онда VIP аймақтар мен фан-зона билеттерінің құны 500 мың теңгеге дейін жететіні айтылған.
Фото: Instagram