Дженнифер Лопеске үш тал раушан сыйлаған қазақстандық жігіттің әрекеті желіде қызу талқыға түсті

от adminPMG
Опубликовано: 19 августа 2025, 16:42

Instagram: @jlo

1 тамыз күні Астанада әлемдік деңгейдегі поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің көптен күткен концерті өтті. Кеште ерекше сәт орын алды: бір қазақстандық жігіт танымал әртіске қарапайым қаптамадағы үш тал раушан гүлін сыйлады.

Бұл әрекет желі қолданушыларының арасында қызу пікірталас тудырды.

Сахнада өнер көрсетіп жатқан Дженнифер Лопес жігіттің ұсынған гүл шоғын жылы қабылдады. Осы сәтте түсірілген видео TikTok пен Instagram-да кең таралып, қыздар арасында жаңа трендке айналды.

«Қанша жерден сұлу, дарынды әрі табысты болсаң да, біреу сені үш-ақ тал гүлге лайық көреді»,

деген жазбалар желіде жиі кездесіп жатыр.
@yasmin.ashakhanova

♬ If You Had My Love - Jennifer Lopez

Дегенмен, көпшілік Дженнифердің кішіпейілдігін, сыйлықты құрметпен қабылдағанын атап өтті.

«Жай ғана қараңыздаршы, қалай шын қуанды!», «JLo-ның өзі осындай қарапайымдылық танытса, өзгелерге үлгі емес пе?», «Бастысы – көңіл, ал ол гүлді ерекше ілтипатпен құшағына басты», – деп жазды желі қолданушылары.

Кейін бұл жігіттің кім екені де анықталды. Гүл ұсынған азамат – Мадияр Мулдашев. Ол үш тал раушан таңдауының себебін де түсіндіріп өтті.

«Алдыңғы қатарға өтудің өзі оңай болмады. Үлкен гүл шоғы қысылып, мыжылып қалуы мүмкін еді. Сол себепті ықшам әрі төзімді гүл таңдадым. Шыны керек, 8 сағат далада, 4 сағат халықтың ортасында тұрса да, осы үш раушан бастапқы қалпын сақтап қалды»,

деді ол.

Айта кетейік, Мадияр концерт кезінде Дженнифер Лопеспен бірге суретке де түсіп үлгерген. Бұл есте қаларлық сәт желіде әлі де қызу талқыланып жатыр.

Threads: @madick.pics


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше