
Instagram: @kyliejenner
Француз маникюрі — ешқашан ескірмейтін классика. Соңғы жылдары біз оны минималистік түрде көріп үйрендік: тырнақ ұшындағы нәзік, білінер-білінбес ақ сызық және мөлдір негіз.
Алайда сән әрдайым айналып келеді. Өткен қыста подиумдарда да, әлеуметтік желілерде де күтпеген жерден 2000 жылдардағы френч қайта бой көрсетті.
Ол тренд сол кезде жарқ етіп шыққанымен, тез ұмытылды. Бірақ қазір қайта оралғандай. Оның үстіне бұрынғыдан да нәзік әрі ойластырылған нұсқада. Бұған дәлел ретінде Кайли Дженнердің жақында жариялаған суретін айтуға болады: ол тырнақтарын сопақ пішінде жасап, мөлдір-қызғылт негіз үстін қалың ақ сызықпен әрлеген. Бұл — ультражіңішке френч дәуірінің аяқталып келе жатқанын меңзейтіндей.
Френчтің заманауи түсіндірмесі
Бұл дизайн deep 90s French деп аталды. Ол табиғилықты аздап театралдылықпен үйлестіретін эстетикаға сілтеме жасайды. Негізгі айырмашылығы неде? Ақ доға әлдеқайда қалың әрі тырнақтың орта тұсынан басталады. Мұндай маникюр бір мезетте ұстамды да, әсерлі де көрінеді.
Үй жағдайында сәнді френчті қалай қайталауға болады
Бұл сен ойлағаннан да жеңіл — қолыңда тек қарапайым лак қана болса да. Алдымен тырнақтарыңды дайында: ең қолайлысы — сопақ немесе жұмсақ бадам пішіндері. Олар саусақтарыңды ұзындау етіп көрседі. Базалық жабыннан кейін жартылай мөлдір нюд немесе нәзік қызғылт түсті лак жақ — ол ақ сызыққа мінсіз фон болады.
Instagram: @taboo.nails.phuket
Ең жауапты сәт — доғаны сызу. Егер қолыңның дірілдемейтініне сенімді болмасаң, трафареттерді немесе арнайы маникюр жапсырмаларын пайдалан. Ақ лақты екі жұқа қабатпен жағу ұсынылады — сонда із қалмайды әрі жабынды қанық шығады. Соңғы қадам — жылтыр лак. Ол нәтижені бекітіп қана қоймай, тырнақтарыңа мінсіз жылтыр қабат береді.

Instagram: @redcarpetnailcs
Француз маникюрі әлі күнге дейін талғам мен әдеміліктің белгісі болып саналады. Бірақ қазір ол бұрынғыдан да еркіндікке жол береді. Міне, сондықтан да ол қайтадан жүректерді жаулап алуда.
Фото: Instagram
Дереккөз: Grazia