Барқұрстанның Ay Yola тобы кезекті әнмен таң қалдырды

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:29

Instagram: @ayyola.music

«Ay Yola» башқұрт тобының мүшелері Humay әнімен әлемдік чартта Леди Гаганың хитін басып озған болатын. Олар тыңдармандарына «Ural Batyr» үнтаспасындағы тағы бір әнді ұсынды.

Жаңа туынды топтың ресми Instagram парақшасына жарияланды. Ay Yola «Batyr» атты жаңа әнін бағалауды ұсынды.

«Біз өткен мен бүгінді байланыстырамыз, ата-бабаларымыздың даналығын 21 ғасырдың ырғағымен алып жүреміз»,

дейді башқұрт тобының мүшелері.

Әлеуметтік желі қолданушылары бейнежазбаның астына көптеген пікірлер қалдырып, әсерлі дала музыкасына тәнті болды.

«Кезекті хит!», «Өте керемет дыбыс», «Мұндай әндер түркі халқына күш береді», «Тілдік ерекшелік, ұлттық нақышты керемет сомдай білген», «Күшті! Осы қарқынмен жалғастыра беріңіздер», «Шап, тек алға», – деді желідегілер.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше