Instagram: @aidakaumenova_official
Танымал дизайнер, кәсіпкер Аида Кауменова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді.
Аида журналист Жанар Байсеміздің YouTube арнасына сұхбат беріп, қызының некесіз дүниеге келгенін айтты.
«Жасым 27-де болған. Баламның әкесіне тұрмысқа шыққан жоқпын. Мен үшін де, ата-анам үшін де қиындау кезең болды. Бірақ, баланы дүниеге алып келемін деген шешімге келдім. Өзім ерке қыз болып, ата-анамның махаббатына малынып өстім. Сондай жағдай орын алғанда ұялу, қорқу болды. Көп адамдар сөкті, өсектеді. Ата-анам бастапқыда шошып кетті»,
деді Аида.
«Сол уақытта мен Италияда болғанмын ғой. Оқып жүргенмін. Сол жерде білдім жүкті екенімді. Жанымда белорусь аудармашы қыз болған. Сол мені дәрігерлерге апарып, көмектесті. Ата-анам елге келгенде бірақ білді»,
деп Кауменова сырымен бөлісті.
Аиданың отбасы бұл жайлы білгеннен кейін ұрыспаған және сөкпеген. Алайда, ішіндегі сәбидің әкесі жары қылып алуға дайын болмапты.
«Басы бос болды. Бұл тағдыр ғой. Солай болуы керек болды. Баланы қарау оңайға соққан жоқ. Осындай жағдайға тап болған әйелдерге шыдам керек»,
деп түйіндеді дизайнер.
Фото: Instagram
Дереккөз: «Janar Baisemiz» YouTube арнасы