Instagram: @dilnaz_akhmadiyeva
Танымал әнші Дильназ Ахмадиева ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты.
«Commutator» YouTube арнасына сұхбат беріп, жан дүниесін ақтарды. Әнші ұлының аутизмі бар екенін жасырмады.
«Ол әлі сөйлемейді. Бірақ, сәл қалды. Дамып жатырмыз. Ол сондай қу. Барлығын түсінеді. Кейде жай ғана сөйлегісі келмей, бізді мазақтап жүрген сияқты көрінеді»,
деді Дильназ.
Әнші ұлында психикалық және сөйлеу дамуының кешігуі бар екенін айтты. Және баласына қатысты желіде көңіліне тиетін сөздер де жазылатынын қоса кетті.
«Аутизмі бар балалар – ерекше сәбилер. Олар бұл өмірге бізге бірдеңені түсіндіру үшін келеді. «Мұндай балалары бар аналар бақытсыз» деген сияқты пікір жазудың қажеті жоқ. Балаларыңыздың дені сау болса, соған рахмет айтыңыз да тәрбиелей беріңіз.
Менің балам аутист болса не болыпты? Аутист болса, адам емес пе? Қоғамда біртүрлі қабылданады. Дамуында ерекшелігі бар балалар, тура сол басқа сәбилер сияқты. Әзірге сөйлеп кеткенін күтіп жүрмін»,
деді Ахмадиева.
Фото: Instagram
Дереккөз: «Commutator» YouTube арнасы