Instagram: @kaalau__
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың ортаншы қызы Алау көпшілікті сұлулығымен тамсандырды.
16 жастағы Алау блогерлер кешіне қатысып, шарадан бірқатар суреттер мен видеоларды жариялады.
Ең алдымен бойжеткен салтанатты кешке дайындығын көрсетті.
Жұлдызды отбасының қызы жазбасында кештің 2025 жылдың 13 шілдесінде болғанын нақтылап өтті.
Желі қолданушылары жазбадан кейін пікірлерін қалдырып, жылы лебіздерін жаудырды. Бірі оны әжесі Гүлзира Айдарбековаға ұқсатты.
«Керемет сұлу», «Вау, супер! Әжесі Гүлзираның айнымас көшірмесі», «Керемет!», «Өте әдемі екенсің», «Екінші Жұлдыз», «Нағыз сәнбике», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram