Instagram: @aikyn/@zhuldyzomirgali_official
Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген жұбайы Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр екенін хабарлады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Жаратқанның ерекше сыйы. Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісіне мас боламыз. Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын»,
деп жазды әнші.
Жазбасының соңында өнер иесі әзілмен оқырмандарына сауал жолдады.
«Айтпақшы, көпбалалы әкеге мемлекеттен қандай жеңілдіктер бар екен? Қоғамдық көлікте тегін жүру, жәрдемақы дегендей?»,
деп күлді Айқын.
Әншінің бұл жазбасы желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болып, құттықтау пікірлерге толды. Оқырмандар шын жүректен отбасыға қуаныш тіледі.
Фото: Instagram