
Instagram: @erke_esmahan
Әнші Ерке Есмахан нәзік жандыларға өз пікірін білдіріп, өмірлік ұстанымымен бөлісті. Ол әйелдерді тек үй шаруасымен айналысып қана қоймай, өздерін дамытуға шақырды.
«Үйде отырып, тек күйеуінің, балаларының бабын жасаған жақсы, әрине. Бірақ, өзіңді ұмытпаған жөн. Жұмысың болып, бір іспен айналысып, білім алып, арасында қыдырып, ақшаны өзіңе аямай, кейде күйеудің ығына жығылмаған да дұрыс»,
деді әнші.
Ерке, сондай-ақ, миллиардер Безос пен оның сүйіктісі Лореннің қарым-қатынасын мысалға келтірді.
«Безос не себепті қазіргі әйелінің аяқ астына бүкіл әлемді төсеп беріп жатыр. Меніңше, Лорен – күйеуімен қызық сұхбаттас, сенімді серіктес, көңілді көңілдес, еркекпен жарыспайтын, жұмсақ, сезімтал, ерке бола білетін дана әйел. Ал еркекке анасындай болып жүретін әйел емес, қылықты әйел керек»,
деп бөлісті өнер иесі.
Фото: Instagram