Әсел Сағатова

Instagram: @asselsagatova

«Рэкетир» фильмі арқылы көпшілікке танылған Әсел Сағатова сырт келбетіне қатысты эксперименттер жасағанды жақсы көретінін айтты.

Ол түрлі образдарға еніп, фотосессиялар мен түсірілімдер үшін өзгеруге дайын екенін жеткізді.

Актриса Instagram парақшасында жаңа бейнежазба жариялады. Онда ол сирень түстес әдемі көйлек киіп, боб шаш үлгісі мен кекілі бар жаңа образда көрінеді.

«Сырт келбетіммен тәжірибе жасағанды ұнатамын. Команданы көндіру әрдайым оңай бола бермейді — бәрі қалыптасқан образға үйреніп қалған. Бірақ, ең батыл адамдар тек қолдап қана қоймай, өзгерістердің бастамашысы болады. Жаңа мағыналар дәл осылай туады»,

деп жазды Әсел.

Желі қолданушылары актрисаның жаңа бейнесін бірден белгілі француз әншісімен салыстырды.

«Мирей Матье», «Керемет образ», «70-жылдардағы құпия қыз», «Әсел, сенің әр образда жаңаша құлпырып тұратының керемет. Саған қарау — бір ғанибет», — деп пікір қалдырды жанкүйерлері.


Фото: Instagram

Поделиться: