Әсел Сәдуақасова

Instagram: @asselsadvakassova

Қазақстандық актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова Бали аралындағы жаңа өмір салты оған жан тыныштығы мен сабырлық сыйлайтынын мойындады.

Әсел қазіргі таңда Балидегі өмірінің жайбарақат әрі үйлесімді өтіп жатқанын айтып, осы күйден ерекше ләззат алатынын жеткізді.

«Қазір өмір сүру салтым қатты ұнайды. Қарапайым, бірсарынды, кейде тіпті іш пыстырарлықтай көрінетін, бірақ сондай керемет күнделікті тіршілігім.

Эмоциялық күйзеліс, стресс пен жүйке жұқарған сәттерден кейін мен үшін ең басты байлық — тыныштық. Қазір өмірімді барынша уайымсыз етуге тырысып жүрмін»,

деді ол.

Әсел құндылықтары мен өмірлік ұстанымдарының өзгергенін де жасырмады. Йогаға қатысып, мұздай суға шомылады, көп уақытын табиғат аясында және үнсіздікпен өткізуде.

«Маған біреу 5 жыл бұрын мұның бәрін жақсы көретінімды айтса, күлер едім»,

деп түйіндеді Әсел.

Instagram/stories: @asselsadvakassova


Фото: Instagram

Поделиться: