
Instagram: @damelya_sw_
Әлеуметтік желілерде белсенді болып жүрген қазақ блогерлерінің арасында әншілік қабілеттерімен танылғандары да бар.
Олар тек күнделікті өмірін ғана емес, сонымен қатар музыкалық туындыларымен де бөлісіп, жан-жақтылықтарын көрсетеді.
Әлішер Қонысбаев

Instagram: @alisher_konysbaev
Әлішер Қазақстандағы танымал блогерлердің бірі. Ол әлеуметтік желілерде белсенді түрде контент жасап, жастар арасында танымалдыққа ие болған.
Қонысбаевтың шығармашылығының бір бөлігі — ән айту. Ол 2022 жылы Қайрат Нұртаспен фит жазып таң қалдырған болатын. Сол жылы қыркүйек айында «Бөлексің» атты әннің тұсауын кесті. Аталмыш трек YouTube-та 27 млн рет тыңдалды. Осы күнге дейін блогер 20 шақты трек жарыққа шығарып үлгерді.
Damelya Sweet

Instagram: @damelya_sw_
Отандық блогер қыздардың арасындағы музыкаға жақын арулардың бірі – Damelya Sweet.
Оның контенті көп жағдайда оқырмандарының көңіл-күйін көтеріп, саяхат, спорт, сән тақырыптарында түрлі бейнежазбалар жүктеп, мотивация сыйлайды.
2019 жылы блогердің «Без тебя» атты алғашқы әні жарыққа шықты. Бұл туындысы оның музыкалық мансабындағы алғашқы қадамы болып табылады.
«Қия алмай сені барамын» деп аталатын тректі 2020 жылы тыңдармандарына ұсынды. Бұл туындысы The Darian-мен бірлесіп жазылған.
Кейіннен «Bir Ozine» (2020), «Op-Onai» (2022) және «Sen» (2024) сияқты әндер шығарды. Жалпы ән қоржынында 10 шақты туынды бар.
Дариға Нұркеева (Daricorn)

Instagram: @daricorn.rr
Дариға өз блогын жүргізіп бастағанда көбі оның ән айтқан бейнежазбаларына қызықты. Ару гитара, укулела сынды аспаптарда ойнап, түрлі танымал әндерді орындап жүрді.
Дебюттік «Қайта-қайта» әнін 2018 жылы жарыққа шығарды. Сол жылы Daricorn белсенді түрде музыкамен айналысты. Алғашқы туындысынан бөлек, тағы 3 әннің тұсауын кесті.
Жарыққы шыққан әндердің ішіндегі танымал тректерінің бірі – «Brand» . YouTube желісінде 3 млн-ға жуық қаралым жинады.
Zheka Fatbelly

Instagram: @zheka_fatbelly
Қазақтандық блогерлердің арасында танымал әртістермен көп фит жазған – Zheka Fatbelly. Ол Jah Khalib, Andro, Ulukmanapo, The Limba сынды әртістермен бірігіп тректер жазып үлгерді.
Жеңістің ең кең таралған тректерінің бірі «ИРИНА КАЙРАТОВНА» тобы, Hiro, De Lacurе-мен жазған «Koke» туындысы.
Алина Ли

Instagram: @lialina.official
Алина Ли — қазіргі таңда TikTok және Instagram сияқты платформаларда танымал контентмейкер. Ол көбіне сұлулық, сән және lifestyle бағытында контент жасайды. Кәсіби әнші ретінде танылмаған. Алайда, 2020 жылы «Luna» атты алғашқы әнінің тұсауын кесті.
«Бұл менің алғашқы әнім және мен үшін ерекше әрі өте маңызды»,
деп жазды Алина
Бүгінде ару жеке кәсібі мен басқа да қызығушылықтарына көңіл бөліп жүр. Музыкалық мансабын ары қарай дамытуға тырыспады.
Фото: Instagram