Instagram: @aliokapov/@madirymbaev
Қазақстандық әншілер Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев фит жазып, оған бейнеклип түсірді.
Әли мен Мәди Ескендір Хасанғалиев пен Мұхтар Шахановтың «Айналайын» әнінің өз нұсқаларын жазып, оны бейнебаянмен бірге шығарды.
«Бейнебаянның толық нұсқасы YouTube желісінде сіздерді күтіп тұр. Қолдауларыңызды күтеміз»,
деді Әли Оқапов Instagram-да.
Ол, сондай-ақ, түсірілім алаңындағы фотосуреттерді көрсетті.
Әннің бейнебаяны Әли Оқаповтың YouTube арнасында жарық көрді.
«Бұл жай ән емес, бұл музыка тілінде айтылған оқиға. Ол махаббат, нәзіктік, адамдар арасындағы байланыс туралы. Бұл әнді қайта-қайта тыңдай бергің келеді, әр тыңдаған сайын оның көпқырлы дыбысы мен терең мағынасының жаңа қырлары ашылады. Ол суық кеште жаныңды жылытатын жылы көрпедей, жүректі жадыратады және жайлылық сезімін сыйлайды», – делінген бейнебаянның анықтамасында.
Фото: Instagram