Баян Алагөзова

Instagram: @bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер және актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде анасы мен қызы Айарумен бірге түскен жылы суретін жариялады. Фото салтанатты шара барысында түсірілген.

Суретте Баян Алагөзова сән көрсетілімі кезінде анасы және ортаншы қызы Айарумен бірге отыр. Үш буын өкілдерінің бір кадрда түскен әсерлі сәті продюсердің оқырмандарын тәнті етті. Желі қолданушылары жылы лебіздерін аямады.

«Үш ұрпақтың сұлулары», «Барлығыңыз кереметсіздер, аналары тірі адамдар ешқашан қартаймайды», «Қызыңыз сондай сүйкімді», «Айару жыл сайын ажарланып келеді», «Супер», «Класс», «Баян, сіз — мықты әйелсіз, анаңызға Алла денсаулық берсін», – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Поделиться: