Ұйықтар жеуге болмайтын өнім

Pexels: cottonbro studio

Нутрициолог Кайла Кроули ұйқыны бұзуы мүмкін үш өнімді атады.

Маманның айтуынша, төсекке жатпас бұрын апельсин, қызанақ және грейпфрут жеуден аулақ болған жөн. Бұл жемістердегі қышқыл заттар өңештің төменгі бөлігіндегі бұлшық ет клапанын босаңсытып, қышқылды рефлюкске әкеледі. Ал. бұл өз кезегінде ұйқының сапасын нашарлатады. Сонымен қатар, нутрициолог кешкі уақытта майлы тағамдардан да бас тартуға кеңес береді, себебі олар да күйдіргі (изжога) туғызады.

Кроули толыққанды кешкі астың өзінен де ұйқы алдында бас тартуға шақырады. Оның айтуынша, кешкісін тойып тамақтану ас қорыту жүйесіне кері әсер етіп, ұйқыға кедергі келтіруі мүмкін. Әсіресе, жатар орынға тамақ алып бару зиян, дейді ол. Себебі, тамақтан кейін бірден жата қалу – бұл күйдіргі қаупін арттырады.

Нутрициолог кешкі уақытта жеңіл әрі пайдалы тағамды таңдауға кеңес береді. Оның пікірінше, жаңғақтар мен сүт өнімдері – кешкі тіскебасар үшін ең қолайлы нұсқалар.


Фото: Pexels

Дереккөз: Рамблер

Поделиться: