Instagram: @aikyn
Айқын Төлепберген сынға ұшыраған Садраддинге қолдау білдірді.
Жас орындаушы Алматыдағы Орталық стадионда өткен Дженнифер Лопестің шоуына қатысқан болатын. Әлеуметтік желіде Садраддиннің өнері қызу талқыға түсіп, көпшілік оның жанды дауыста ән айту шеберлігіне күмән келтірді.
«Садр қатты шаршаған сияқты», «Әнді балабақшада айтсын», «Джей Ло сол сахнада шынайы орындады», «Садраддиндерді әнші деуге келмейді», «Фонограммасыз айта алмайды», «Стадионға алғаш шыққандай әсер қалдырды», – деген сыни пікірлер жазылды.
Осы жағдайдан кейін Айқын өзінің ойымен бөлісіп, Садраддинге шынайы қолдауын көрсетті.
«Садраддинге тиісіп жатқан көрерменді түсінбеймін. Стадионның алдында жанды дауыста ән айтқасын неше түрлі жағдай болады. Өзіміздің де басымыздан өткен. Стадион студия емес. Джей Лоның өзі де жанды дауыста ән айтып, қиналып қалды. Бірақ оны камераға түсірмеді. Шетелдік әншілер дауыстарын алдын ала жазып алып, өңдеп, содан кейін ғана халыққа таратады.
Халық Садраддинді сөз етіп жатыр. Негізі, ұйымдастырушылардың кінәсі деп айтар едім. Өйткені ол жақтағы көрерменнің жасы 35-тен асқандар. Олар Садрды баласымен жасты адам көреді. Сондықтан халық жөнді қабылдамады. Садрдың тыңдарманы – жастар. Ол мықты әнші»,
деді Айқын.
Фото: Instagram