
Instagram: @daricorn.rr
Блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) видеоға түсіріп алған тоғыз жастағы бала және оның анасымен кездесті.
Ол Instagram парақшасында stories арқылы кездескендерін баяндап, барлық түсініспеушіліктерді талқылағандарын айтты.
«Көпшілік біздің жағдайдан хабардар. Бүгін кездесіп, сөйлестік. Тағы да барша халықтан кешірім сұрағым келеді. Бұл маған және бүкіл Қазақстанға үлкен сабақ болды — кішкентай балаларды ата-анасының рұқсатынсыз түсіруге болмайды. Біз толықтай жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз»,
деді Дариға Нұркеева.
Кездесу барысында ол бала мен оның анасын құшақтап, достық ниетін білдірді. Daricorn кейін Instagram-да балақаймен түскен фотосының астына «Happy end» деп жазды.

Instagram/stories: @daricorn.rr
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде үлкен дау туған болатын. Дариға Нұркееваның кесірінен бала буллинге ұшырап, анасы блогерден кешірім сұрауын, моральдық өтемақы төлеуін талап еткен.
Баланың анасының айтуынша, оның ұлын ата-анасының рұқсатынсыз түсірген. Дариға көшеде кетіп бара жатқан екі кішкентай баланы тоқтатып, біреуінен «сүйікті тамағың қандай?» деп сұраған. Осы кезде тоғыз жасар ұл бала «пицца» деп жауап береді, бірақ субтитрға мүлде басқа анайы сөз жазып қойған. Желі қолданушылары осы видеоның астына нешетүрлі балағат, ауыр сөздер жазып, әлгі баланы мазақ қылған.
Фото: Instagram