Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан тағы бір пәтер сатып алғысы келетінін айтты. Ол баспана іздеп жүргендерін жасырмады
Еске сала кетейік, жуырда өнерлі жұп жаңа пәтер сатып алғандарын айтқан болатын. Алайда, бұл олардың соңғы таңдауы емес сияқты.
«Алла бұйырса, тағы бір үй сатып алайық деп жүрміз. Біраздан бері қарастырып жатырмыз. Бүгін кептеліспен мың сағат жүріп 2-3 үй ғана қарап үлгердік. Түс қайта қала ып-ыстық болып кетті ғой. Сонымен үйге келіп рахаттанып жатырмын»,
деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, Ерке Есмахан бұған дейін Алматы маңынан вилла сатып алғанын да айтқан еді.
«Сол вилламыз әлі салынып жатыр. Жөндеу жұмыстарын да бастамадық. Шыдамай дайын үй ала саламыз ба деп отырмыз»,
деді әнші.
Фото: Instagram