
Instagram: @xcialem
Танымал отандық Alem әлі күнге дейін жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтты. Бұл туралы ол «Айқап» подкастында берген сұхбатында бөлісті.
«Әлі күнге дейін пәтерім жоқ. Пәтер алатын мүмкіндік болды. Дулат секілді Астанадан алып қоюға немесе бастапқы жарнасын төлеп алуға болатын еді. Мен топаспын ол жағынан. Қаржылық сауаттылық жоқ. Бізге 3-4 жыл алдын есепшот ашып қойыңдар, сосын жеңіл болады деп айтатын. Мен аштым, бірақ жинамай кеттім. Миы жоқ адамның тірлігі. Мен байып кетемін, қолма-қол ақшаға аламын деп ойладым. Құдды бір ертең көп ақша тауып, байып кететін секілдімін. Балалы болған соң енді түсініп жатырмын»
деп ашылды әнші.
Alem енді бұл мәселені қолына алып, жұмысқа қызу кірісіпті.
«Қазір Асанәлі деген концерттік директорым бар. Үш ән шығардым. Құдайға шүкір, жұмыс жүріп жатыр. «Асеке, той, корпоратив, 30 адамдық караоке, бәрін ала беріңіз» дедім. Ақырын-ақырын жұмыс пайда болып жатыр. Бұрынғыдай табысымның барлығын жұмсап жібермей, жинап, 2-3 жылда пәтер аламын деген жоспарым бар»,
деді әнші.
Фото: Instagram