
Instagram: @moldir_zhangbyrbay
20 сәуірде қазақстандық спортшы Мөлдір Жаңбырбай Каирдегі Karate 1-Premier League сериясының үшінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Жаңбырбай хорватиялық Эмма Сгарделлимен кездесіп, жекпе-жектің соңғы секундтарында шешуші ұпай жинап, жеңіске жетті.
Мөлдір Жаңбырбай – каратэ-додан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2013, 2017 және 2018 жылдардағы Азия чемпионаттарының жеңімпазы, әлем чемпионы, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Жазғы Азия ойындарының финалисі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Тағы бір отандасымыз Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда украиналық Александра Шолоховадан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Фото: Instagram
Дереккөз: Zakon.kz