Фото: Bauyrzhan Baurbakhiev
Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева ішімдікке қатысты қойылған сұраққа жауап берді. Өнер иесі жастау кезінде шарап ішкенді ұнатқанын жасырмады.
«Иә, осыдан біраз уақыт бұрын ішімдік іштім. Қазір әуестігім жоқ. Мен негізі арасында бір бокал шарап ішкенді ұнатамын»,
деп жауап берді әнші.
Еске сала кетейік, жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін Кәмшат, күйеуі Ғазретпен бірге бейнежазба мен суреттер жүктеген болатын.
«Көпшіліктің сұрауымен»,
деп жазды олар.
Фото: Instagram