
Telegram: TeamQazaqstan
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдеге ие болды.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрістен үшінші орын алды. Айта кетейік, оның көрсеткіші — 1 сағат 32 минут 15 секунд — спортшының жеке рекорды болып табылады.
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты 27–31 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяда өтуде. Бұл жарысқа Қазақстан атынан 32 спортшы қатысып жатыр.
Сондай-ақ, дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-сатыға тұрақтады
Азия чемпионатында кімдер жеңіске үміткер?
Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі жарыстың басты жұлдыздарының қатарында екі қазақстандық спортшыны атап өтті: 3000 метрге кедергілермен жүгіруден әлем чемпионы Нора Джеруто мен биіктікке секіруден континенттегі маусым көшбасшысы Елизавета Матвеева.
Фото: Telegram
Дереккөз: Tengri Sport